Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы департаментінің ұйымдастыруымен «Халық заңгері» азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру акциясы өтті.

Осыған орай ауданымыздағы халыққа қызмет көрсету орталығында танымал заңгерлер, жеке нотариустар, медиаторлар, тергеушілер, әділет басқармасының қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, медицина, білім, жер, ауыл шаруашылық, жұмыспен қамту, әлеуметтік сала мамандары халыққа тегін заңнамалық көмек көрсетті.

Өз кезегінде кеңес алуға келген қарапайым жұртшылық өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алып қана қоймай, күрделі мәселелерінің де шешімдерін тапты.

Back to Top