Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ӘСЕРЛІ ӨТКЕН ӘН КЕШІ

Бүгін Темір ауылындағы мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен жас әнші, ақын Айнұр Сымандиярдың «Жанарсыз да өмірім жалғасады» атты жеке шығармашылық ән кеші өтті. Думанды кешке аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов арнайы қатысты.Тағдырдың ауыр сынына мойымай, құдай берген зор әншілік талантына сай қайсар қыздың бүгінде біршама елге танылған жайы бар. Бірнеше республикалық ән байқауларының жеңімпазы атанған дарынды жас әншінің кешіне жиналғандардың қарасы көп болды.

Авторлық кешінде күміскөмей, жезтаңдай әнші халық әндерінен, сонымен бірге вальс падишасы Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попури орындады. Сондай-ақ өзінің жүрек түкпірінен шыққан әуезді авторлық әндерін де патша көңілді тыңдармандарға тарту етті.

Кеш соңында сөз алған аудан басшысы:- Тағдыр соқпағымен маңдайына жазылған қиындыққа мойымай, асқан төзімділікпен тек алға қадам басып, өмірді сүюге құштар болған Айнұр Сымандиярдың еш қысылмастан бойындағы дарындық қабілетін көрсете білуі өзгелерге үлгі боларлық іс деп білер едім. Ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып, өскелең ұрпақ үшін әсем әндерін жарыққа шығарып жүрген Айнұр қарындасымыздың тәуелсіз еліміздің тарихында өзіндік қолтаңбасы қалары анық. Осы сәтті пайдалана отырып, өзіңе шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін! Ел-жұртыңмен бірге өсіп өркендей бер, өсе бер, Айнұр!-деп жылы лебізді ізгі тілегін білдірді.

Көпшілік Айнұрдың ән кешінен рухани ләззат алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Back to Top