Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АУДАНЫМЫЗДА

Кеше облыс орталығында «Turkistan: One Way – One History» атты халықаралық туристік форум өткен болатын. Аталған шараға қатысқан Азия елдерінің туризм саласының өкілдері бүгін ауданымыздағы киелі тарихи орындармен жақынырақ танысу мақсатында ақпараттық тур ұйымдастырды. Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалажұртының тарихи нысандарымен танысқан қонақтар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде болды. Музейдің экспозиция залымен танысып, құнды жәдігерлердің тарихына қанықты.

Мұнан соң мұражайдың мәжіліс залында 30-ға жуық шетелдік туристік операторлардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиында сөз алған мекеме басшысы Сапар Көзейбаев тарихы терең, тағылымы мол Отырар өңіріне соңғы жылдары келіп жатқан шетелдік туристердің саны артып жатқандығын айта келе, туризм бағытындағы керемет нысандарға туризм майталмандарының басын біріктіріп, танымдық, ақпараттық сапар ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Осы шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов туристерге қолайлы жағдай туғызу мақсатында Арыстанбаб кесенесі мен Отырар төбе қалажұртының айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып, туристерге сапалы қызмет көрсету, тарихи орындарды жан-жақты таныстыру бағытында атқарылатын жұмыстарға аудан әкімдігі әрқашан қолдау көрсететіндігін ерекше атап өтіп, конференцияға қатысушыларға табыс тіледі.

Back to Top