Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу мақсатында "Отырар-Қызмет" МКК базасында «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Онда қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты тиісті мекемелердің дайындықтары жан-жақты пысықталды.

Ауданымыздағы төтенше жағдайлар комиссиясының, авариялық-құтқару қызметтері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күштері мен құралдарының төтенше жағдай орын алғанда жасайтын іс-әрекеттерге дайындығын бағалау мақсатында өткен оқу-жаттығу шарасына аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов арнайы қатысты.

Аудан әкімі азаматтық қорғаныс саласындағы қызметтердің апат болған жағдайға дайындық барысын жеке-жеке тексеріп, олардың дайындығына көз жеткізді.

Апат айтып келмейтіндігін ескерткен аудан басшысы аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен қорытынды жиында апаттың алдын-алу, жұмылдыру даярлығын жүйелі жүргізудің өзектілігіне тоқталып, тиісті сала өкілдеріне теориялық білімдерін жетілдіріп отырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысы алдағы уақыттарда да мұндай оқу-жаттығу жиындарын жүйелі түрде өткізуді ұсынып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Back to Top