Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҮЙДЕ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛМЕЛЕРІ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №213 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің 53 тармақшасын орындау мақсатында 2017-2021 жылдарға арналған даму концепциясына сәйкес үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын мүгедектігі бар балаларды кезең-кезеңімен күндізгі қатынау бөлмелеріне ауыстыру жоспарланған.

Осыған орай бүгін Көксарай ауыл округінде және Қоғам ауыл округіне қарасты Мыңшұқыр елді мекенінде мүгедектігі бар балаларға арналған үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды. Аталған шараға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов, аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов қатысты.

Аудан әкімі жаңадан ашылған әлеуметтік бөлмелердің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікке ізгі тілегін білдірді. Жаңа нысандардың тыныс - тіршілігімен танысқан аудан басшысы үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығының тез түзеліп, оңалуына тілектестігін білдірді.

Мекеме ішінен ашылған дәл осындай шағын әлеуметтік бөлмелер бұрын ауданымыздағы 7 ауыл округінде ашылған болса, бүгін оған тағы да екеуі қосылып отыр. Ашылған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелерінің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қарым-қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйрету болып табылады.

Мұндай игілікті істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Back to Top