Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮННЕН ҚУАТ АЛАТЫН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы, Отырар ауданының Шәуілдір ауылында салынатын күн қуат станциясының қуаттылығы 50 МВт құрайды деп жоспарлануда. Осыған орай, жобаның құжаттамасымен таныстырып, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды түсіндіру мақсатында семинар өтті. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – әлеуетті инвесторлар үшін заңнамалық тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Алдағы уақытта осы кәсіпті жүргізетін салымшылар арасында іріктеу өткізіліп, жеңімпаздары анықталады. Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, БҰҰДБ сарапшы-мамандары, жергілікті атқарушы органдар, аудан, қала әкімдіктері, коммуналдық кәсіпорындар, аймақтық электр желілері компанияларының қызметкерлері мен ЮСАИД және Қытай, Франция, Италия, Польша мемлекеттерінің инвесторлары қатысты. Жиын соңында қатысушылар жаңа нысанның бой көтеретін жерін көріп, орналасуының ыңғайлылығын таразылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОСТРОЯТ СЭС МОЩНОСТЬЮ 50 МВТ
Back to Top