Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ «NUR OTAN»​ ПАРТИЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ​ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы Қоғамдық қабылдауында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Облыс басшысының қабылдауына келген көп балалы ана Тойлыбаева Ұлжан атаулы әлеуметтік көмек алу мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін жеткізген азаматша көмек сұрайды. «Біз сіздің жағдайыңызды түсініп отырмыз. Бұл мәселені шешуге тырысамыз. Алайда, сіз ең алдымен үй кезегіне тұруыңыз қажет», - деді өңір басшысы. Аталған азаматқа жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы тиісінше қолдау көрсетіледі.

Мұғалім М. Исрайлова ұлттық бағытта білім беретін қыздар мектебін ашуды армандайды. Батыр ана өз мақсатын жүзеге асыру жолында ғимарат сұрап арнайы әкімнің қабылдауына келген. «Сіздің идеяңыз ұнады. Қазір Түркістанда неке сарайы салынып жатыр. Осы ғимаратты барып көріп, ұнаған бөлмеден үйірме ашуыңызға болады. Мен Қыздар мектебін ашу, ұлттық бағытта тәрбие беретін үйірме ашу бойынша жан-жақты көмек көрсетемін», деді Ө. Шөкеев.
Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Б. Жандосова облыста республикалық «Өнеге» жобасының жұмысын жандандырып, Түркістаннан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға арналған дағдарыс орталығын ашсақ деген идеясымен бөлісті. Әлеуметтік маңызы зор бастамаға облыс басшысы қолдау білдіретіндігін жеткізді.
Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open space» форматында ашылған Қоғамдық қабылдау кеңсесіне барлық мемлекеттік орган жетекшілері, облыс әкімі, басқарма басшылары ай сайын келіп, тұрғындармен қабылдау жүргізуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
УМИРЗАК ШУКЕЕВ ПРОВЕЛ ОБЩЕСТВЕННЫЙ ПРИЕМ ГРАЖДАН В ПАРТИИ «NUR OTAN»
Back to Top