Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҰСТАЗДАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Салтанатты шараға өңірдің 400 – ден астамбілім беру саласының өкілдері қатысты.Ұрпақ тәрбиелеуде талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!» атты шараның шымылдығы «Абай өсиеті» театрлық көрінісімен ашылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ұстаздар қауымына өз алғысын білдіріп, мерекесімен құттықтады. Аймақ басшысы тұлға болып қалыптасуға ықпал еткен мектеп мұғалімдерін еске алып, оларға деген жылы лебізін білдірді. Елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала майталмандары Түркістан облысы әкімінің «Құрмет грамотасы», Алғыс хатымен марапатталды. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстаздарға деген халқымыздың құрметі қашанда ерекше. Жиында «Жастар жылына» орай өткен «Үздік жас мұғалім-2019» облыстық байқауыныңжеңімпаздары марапатталды.

«Алдағы уақытта облыстағы «Дарын» мектептерін көбейтеміз. Қараша айында «Дарын» ғылыми – әдістемелік орталығы, 2020 жылы «Оқушылар сарайы» ашылады. Замануи білім ошақтары бой көтеріп, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға барлық жағдай жасалады. Мұғалім біліктілігін арттыруды дамыта түсеміз. Біздің өңірден мақтанышпен айта алатын талай мықты маман шығып жатыр. Осы үрдісті жалғастырып, дамытып, күш салуымыз керек», - деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Бүгінде облыста 60 мыңға жуық педагог еңбек етіп келеді. Былтырғы жылы өңіріміздің 150-ге жуық оқушысы халықаралық және республикалық деңгейдегі білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болды. Жақында ғана «Үздік педагог-2019» республикалық байқауына өңірімізден 9 ұстаз қатысып, үшеуі білім сайысының озығы атанды.Елімізде ұстаздар қауымының төл мерекесі қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Салтанатты рәсім әрі қарай ән-күймен, би шашуларымен және театрланған қойылымдармен жалғасты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТУРКЕСТАН: УМИРЗАК ШУКЕЕВ ПОЗДРАВИЛ УЧИТЕЛЕЙ С ПРОФЕССИОНАЛЬНЫМ ПРАЗДНИКОМ
Back to Top