Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҰСТАЗ-НҰРДЫҢ ШУАҒЫ

Кез келген елде өркениетке бастар жол– мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, мектептің жүрегі – мұғалім. Ұстазын ұлықтаған отырарлықтар бүгін ауданымызда мұғалімдердің кәсіби мерекесін атап өтті.

«Ұстаз – нұрдың шуағы» тақырыбымен өткен мерекелік шараға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манаповтар арнайы қатысып, кәсіби мереке иелеріне деген ыстық ықыласқа толы лебізін білдірді.

Құттықтау сөзінде аудан басшысы: «Мектептің жаны- мұғалім деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрген ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі қашан да жоғары.

Барша мамандықтың анасы деп есептелетін мұғалімдік жұмыс көп қажырлы қайрат пен шыдамдылықты, терең білімді қажет етеді. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!»,- десе аудандық мәслихат хатшысы «Мұғалім әрбір адамның санасынан, жүрегінен үлкен орын алады. Ел болашағы жастар десек, сол жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алып, жақсы маман болуына бірден-бір себепкер ұстаз екендігінде дау жоқ» деп ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ жиында аудан басшысы ұрпақ тәрбиесінде еселі еңбек етіп жүрген бір топ ұстаздар қауымын аудан әкімінің, облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапаттаса, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Егемберді Қасым мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірнеше білім саласының өкілдеріне білім қызметкерлері кәсіподағының төсбелгісі мен Құрмет грамотасын табыстады.

Әлемдегі ең ізгі мамандық иелерінің құрметіне арналған шара соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

Back to Top