Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті қырық алтыншы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Депутат Құттыбек Нұрқұловтың төрағалық етуімен өткен сессияның күн тәртібіне аудан әкімінің 2019 жылдың 8 айында өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды атқаруы туралы есебі, аудандағы әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық нысандардың күзгі-қысқы маусымға дайындығы, аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу секілді мәселелер қойылды.

Сессияда аудан басшысы Әбдіғали Жүнісов ағымдағы жылдың 8 айында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жөнінде арнайы баяндама жасады. Аудан әкімі өз сөзінде аудан бюджетінің кіріс бөлігі 8 айда 115,4 пайызға, өнеркәсіп саласының нақты көлем индексі 103,7, өндірілген ішкі аймақ өнім көлемі 97,2 пайыз, ауыл шарушылық саласының 8 айда нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрап отырғандығын ерекше атап өтті.

Ауданымыздағы суармалы жер көлемінің артқандығын тілге тиек еткен Әбдіғали Айтжанұлы биыл жыл соңына дейін әлеуметтік маңызға ие бірнеше құрылыс нысандарының жұмысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетіндігін жеткізді.

Сессияда жарыссөзге шыққан халық қалаулылары Жолбарыс Мырзапейіс пен Төре Ақжігіттер балабақша, көшелерді жөндеу, спорттық алаңдар салу, канал, жылу беру маусымына дайындық және ауданымыздың ауыл шаруашылық саласында мал азығын арттыру мақсатында арпа егу секілді ұсыныс-сауалдарын білдірді. Өз кезегінде аудан басшысы депутаттардың көтерген мәселелерінен өзі де хабардар екендігін айтып, айтылған ұсыныстардың алдағы уақытта кезең-кезеңімен өз шешімін табатындығын баса айтты. Жиында сөз алған аудандық тұрғын-үй,коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайбергенов қысқа дайындық, жылу беру мәселелеріне байланысты хабарлама жасады. Аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың құрамын бекіткен халық қалаулылары келесі өтетін сессияның төрағалығына депутат Төре Ақжігітті бірауыздан сайлады.

Back to Top