Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ЖОЛДАУ - ТАРИХИ МӘНІ БАР ҚҰЖАТ

Бүгін ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған облыстық ақпараттық-насихаттық топ ауданымызға арнайы келіп, тұрғындармен кездесті. Зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, мәдениет, білім, спорт салаларының қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым мүшелері және БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысқан жиынды аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ашып, жүргізіп отырды. Жиында алғаш сөз алған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Дінтану кафедрасының доценті Сержан Оразбай Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының мән-маңызы жайында айта келе, негізгі басымдықтарды жан-жақты талқылап берді.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев Президент Жолдауын толық қолдайтындығы туралы жылы лебізін білдіріп, жолдауды насихаттап, халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу әрбір азаматтың міндеті екендігін сөз етті.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор екенін айта келе, келер жылы Отырардан шыққан ойшыл ғалым, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, күллі түркі жұртының мақтанышы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және ән падишасы Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығы секілді мерейлі шараларды атап өту жайында аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар жүктеді.

Кездесуде аудан басшысы маңызды құжатты жан-жақты талдап, тереңнен түсіндіріп берген облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне аудан тұрғындары атынан шынайы алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Қоғам, Отырар ауылдарының тұрғындарымен де кездесу жиынын өткізіп, Президент Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарды егжей-тегжейлі талқылап, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Back to Top