Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ҚОСТАНАЙ ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРДЫ ҚУАНА ҚАРСЫ АЛАДЫ

Қостанай облысы, Сарыкөл ауданында жүрген түркістандықтар аудан әкімі Балғарин Амантай Кәкімбекұлымен кездесті. Уақыт тығыздығына қарамастан, аудан әкімі және журналистер қауымы жол айрығында жүздесіп, оңтүстіктен солтүстікке көшу мәселесін талқылады. Ауданға жалпы Түркістан облысынан 2018-19 жылдар ішінде 21 отбасы қоныс аударған.

Амантай Кәкімбекұлының айтуынша, Сарыкөл ауданында ауыл шаруашылығы саласында, білім беру және медицина саласында маман тапшы. Кәсіппен айналысам деген адамға да жеңілдіктер көп. "Жұмыс істеймін деген еңбекқор адамға қашан да жол ашық. Ауданымызға көшіп келеміз деген жандарды қуана қарсы аламыз", деді.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Back to Top