Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ

Арыс қаласындағы орын алған оқиға жергілікті тұрғындарды әбігерге салып, күллі қазақстандықтарды алаңдатқаны жасырын емес.
Арыстық ағайындарға қолдау білдірген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметке қаладағы зақымданған барлық үйлердің жөнделіп, ретке келтірілуін тапсырған еді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген ел тұрғындары ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетіп, өз үлестерін қосса, өңірлерден гуманитарлық көмектер келіп жетуде.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың аумағы 17 секторға бөлініп, төтенше жағдай зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу үшін қаланың 11 секторы Батыс Қазақстан облысы мен Отырар ауданының әкімдігіне бөлінген болатын. Қаланың 11 секторында Отырар ауданының штабы құрылып, аудан әкімі Ерлан Айтахановтың тікелей бақылауында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық штабтың қатысуымен оқыс оқиға кезінде зақымданған тұрғын үйлерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Отырар ауданына бекітілген 11 секторда жалпы 698 жеке және 9 көпқабатты тұрғын үйлер орналасса, оның 589 ішінара зақымданып, жөндеу жұмыстарын қажет еткен болатын.
Бүгінгі таңда Отырар ауданына бөлінген сектордағы 84 үйді жөндеу жұмыстары толығымен аяқталса, 124 үйді жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Back to Top