Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ОТЫРАРЛЫҚТАР 11 КӨШЕГЕ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Күллі Қазақстан халқының ағайынға деген бауырмалдық, жанашырлық пейілдерінің арқасында жақында ғана жұртшылықтың үрейін ұшырған қауіп бұлты сейіліп келеді. Әскери қоймада орын алған алапат жарылыстың салдарынан үрейге бой алдырып, жан-жаққа бытырай қашқан арыстықтар өз үйлеріне қайта оралып, бүгінде қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Апат салдарынан зардап шеккен Арыс қаласын Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тікелей басшылығымен 17 секторға бөліп жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.
Қиын-қыстау кезеңде арыстық ағайындарға қолдау көрсетіп, көмек беруге қашанда әзірліктерін білдірген отырарлықтар алғашқы күннен бастап өзіне тиесілі 11 сектор аумағын тазарту жұмыстарына белсене кірісіп кетті. Бүгінде 698 жеке және 9 көпқабатты үйлер орналасқан сектор аумағындағы Мадалиев, Омаров, Ешназаров, Әділбек би, Ақмұрзаев, Байжанов, Әйтеке би, Оңтаев, Қазыбек би, Жаппарқұлов, Юсупов көшелері толықтай тазартылды. Қызу жұмыстарға 60-тан аса отырарлықтар атсалысып, 7 арнайы техникалар жұмылдырылды. Ұйымшылдықпен атқарылған қарқынды жұмыстың нәтижесінде 183,5 тонна қоқыс шығарылып, құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Back to Top