Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЙЫРЛЫ САПАРЫ

Осыдан аз ғана уақыт бұрын арыстық ағайындардың әскери бөлімде орын алған жарылыстың салдарынан бастарына түскен ауыртпалық көршілес жатқан біздің отырарлық бауырлардың да жүректерін ауыртқан жайт болған еді.
Елдің елдігі, азаматтардың адамгершілік, қайырымдылық қасиеттері сынға түскен шақта қара ормандай қалың қазақ елімен бірге Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев пен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтермен бірге елдік намысты ту еткен отырарлықтар да алғашқылардың бірі болып қиналған халыққа көмек қолдарын созуға асыққан еді. Бұл жөнінде жұртшылық БАҚ және әлеуметтік желілердің беттеріндегі жазбалар мен кқріністер арқылы дер кезінде хабардар болып отырды.
Ия, қазір Арыста күннен –күнге қарқын алған қарбалас жұмыстар 17 секторда да күндіз – түні тынбай жүргізілуде.
Сайлаушылардың өздеріне сеніп тапсырылған мандатына адалдық танытуды басты мұрат тұтатын бір топ отырарлық халық қалаулылары Арыста арнайы болып ондағы атқарылып жатқан істердің барысымен және штабтың жұмысымен жете танысты. Мұнан соң депутаттар Арыстағы 11- сектордың тұрғындарына Үкімет тарапынан әр тұрғынға 100 мың теңге көлемінде қаржылай жәрдем берілетіндігін және кәсіпкерлердің жыл соңына дейін салықтардан босатылатындығын, тағы да басқа көмектердің берілетіндігін түсіндіріп, халықты ынтымақ – бірлікке шақырды.

Back to Top