Қазақстан-2050 | Президент сайты | Үкімет сайты | Парламент сайты | Түркістан облысы әкімдігі сайты
Қазақша Русский

БАР МЕЙІРІМ – БАЛАЛАРҒА

Бүгін отырарлықтар 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. «Бар мейірім – балаларға» тақырыбындағы мерекелік іс-шараға аудан әкімдігі мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі ұйытқы болды.
Ертеңгілік көтеріңкі көңіл-күймен жиналған балалар мен ата-аналар қызықты сәттер мен түрлі спорттық сайыстардың куәсі болды. Алдымен балабақша тәрбиеленушілері арасында эстафеталық сайысты өтсе, балғын бүлдіршіндердің салған суреттері көпшілікті тәнті етті.
Мерекелік шарада сөз алған аудан басшысы Ерлан Айтаханов «Келешек ұрпақтарды тәрбиелеу, балалардың болашағы тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір сөзінен қамқорлықпен көрініс тауып келе жатыр. Балалар - біздің болашағымыз, егемен еліміздің ертеңгі алтын тұтқасы. Әрбіріміз солардың риясыз шаттығына себепші бола білсек, өмірдегі бақытымыздың мәні де сол болмақ. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен тарихи орындарға көптеп көңіл бөлініп, балалар туризміне де барынша қолайлы жағдай жасалса, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отырарлық бүлдіршіндерге арнап сый-сияпаттар жасауда.
Мұнан соң сөз алған музей директоры Ерсін Тәжібаев баланың қуанғанынан артық әлемде бақыт жоқ екендігін айтып, министрліктің тапсырысы бойынша әзірленген «Күлтегін», «Мұзбалақ» анимациялық фильмдері жеткіншектердің назарына ұсынылатынын жеткізді.
Мерейлі мерекеге орай бүлдіршіндерге әртүрлі сыйлықтар тапсырған аудан әкімі балалармен бірге естелік суретке түсті. Мұнан соң бүлдіршіндерге ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын тәрбиелік мәні зор анимациялық фильмдер көрсетілді.
Ізгілікті шараның соңы аудан өнерпаздарының қызықты концерттік бағдарламасына ұласты.

Back to Top