Қазақша Русский

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Бүгін Отырар ауданы, Темірбек Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өз жалауын көтерді. Спорттық шараның ашылу салтанатына арнайы барған аудан әкімі Ерлан Айтаханов Кеңес Одағының батыры Т.Ибрагимовтың білім шаңырағының алдына орналасқан еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.
Биыл оныншы рет өткізіліп отырған біріншілікте сөз алған аудан басшысы Е.Айтаханов көпшілікті Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен шын жүректен құттықтады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында өнеріміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді және ұлттық спорт түрлерін дамыту қажеттігін ерекше атап өткендігіне тоқталған аудан әкімі жарысқа қатысушы балғын спортшыларға сәттілік пен толағай табыс тіледі.
Жарысқа облысымыздың аудандарынан бөлек Алматы қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан жалпы саны 16 команда, 180-нен аса жасөспірім тоғызқұмалақшылар қатысты. Екі күнге жоспарланған облыстық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне естелік медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Back to Top