Қазақша Русский

ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

Бүгін ауданымызда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Н.Сабильянов, М.Ерман, Ш.Өтемісов және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасовтар болды. Бірнеше күннен бері облысымыздың аудандарын аралап, тұрғындармен жүздесіп, ауыл-аймақтың тіршілігімен етене танысып жүрген халық қалаулыларын ауданымыздың бас қақпасы саналатын Шілік ауылынан аудан әкімі Ерлан Айтахановтың өзі күтіп алды.
Мәжіліс депутаттары алдымен Шілік, Қарақоңыр және Шәуілдір ауыл округтерінің тұрғындарымен жүздесіп, арнайы жиын өткізді. Жиынды аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы ашып, жүргізіп отырды. Келелі жиында сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұхтар Ерман, Нұртай Сабильянов, Шавхат Өтемісовтер Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен, жаңадан қабылданып жатқан заң жобалары жөнінде тұрғындарға жан-жақты түсінік беріп, көпшілікпен ашық-жарқын пікір алмасты.
Жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, өзекті деген мәселелерді өздерінің назарында ұстайтындықтарын жеткізді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Nur Otan» ХVIII съезінде айтқан тапсырмалары бойынша тұрғындарды баспанамен қамту, жалақы мен жәрдемақыны ұлғайту, еліміздегі білім, денсаулық салаларын одан әрі дамыту, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету, қоғамдағы жұмыссыздықты азайту мәселелеріне ерекше тоқталған халық қалаулылары, бірлік бар жерде ғана берекелі тірлік пен толағай табыс болатындығын ерекше атап өтті.
Кездесу жиынын қорытындылаған аудан әкімі Ерлан Айтаханов Елбасы Н.Назарбаевтың берген тапсырмаларының ауданымызда кезең-кезеңімен орындалып жатқандығын нақты мысалдармен сөз етіп, арнайы іс-сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарына мәнді де, мағыналы әңгімелері үшін көпшілік атынан алғыс білдірді.
Отырар археологиялық – қорық мұражайындағы тарихи құнды жәдігерлермен танысқан халық қалаулылары, бабтардың бабы Арыстанбаб бабамыздың кесенесіне зиярат етті. Өңірімізге арнайы іс-сапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарына аудан басшысы киелі өлкеміздің тарихынан сыр шертетін кітаптар табыстады.

Back to Top