Қазақша Русский

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ

8 сәуір күні аудандық қоғамдық кеңестің жиыны өтіп, оның күн тәртібіне қоғамдық кеңестің төрағасын, хатшысын және төралқа мүшелерін сайлау туралы мәселелер қойылды. Кеңес мүшелерінің қолдауларымен басым дауыспен Асан Аралбай Дүйсенбайұлы қоғамдық кеңестің төрағасы болып бірауыздан сайланды.
Билік пен халық арасында алтын көпір қызметін атқарып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің жедел шешілуіне белсене атсалысатын жаңадан сайланған қоғамдық кеңестің алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Back to Top