Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


МУЗЕЙ – АДАМ

Бүгін «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық – музейінде «Дала археологы», «Музей – адам» атанған Асантай Әлімовтің 90 жылдығына араналған іс-шара болып өтті.
Аудан әкімі Ерлан Айтаханов музейдің экспозиция залына қойылған «Рухы музей деп жаралған жан» атты тақырыптық көрмені ашып, құттықтау сөз сөйледі.
- Қарапайым мұғалім бола жүріп, мектеп оқушыларын жұмылдырып, бүкіл демалысын өлке тарихын зерттеуге, айлық жалақысын көне жәдігерлерге жұмсаған, еліміздің зиялы қауымы арасында есімі ілтипатпен аталатын Асантай Әлімов ағамыздың 90 жылдығы құтты болсын – деді аудан басшысы.
Жиынға қатысушылар көрмемен танысып болған соң, дөңгелек үстел басына жиналып, Асантай аға жөнінде түсірілген бейне фильмді тамашалады. Өзі ұстаздық еткен Темір орта мектебінің директоры А.Қасымбек өмірі жөнінде, музейдің ғылыми қызметкері М.Байтас ғылыми еңбегі турасында баяндама жасады.
Асекеңнің шәкірті А.Жұмашов, ардагер С.Жаңабай, үлкен ұлы К.Әлімовтер естелік айтып, ұсыныс – пікірлерін білдірді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района