Қазақша Русский

ЖУРНАЛИСТ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ» АТАНДЫ

Бүгін Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы өтті. Жиын соңында елімізге танымал журналист, ҚР Президенті сыйлығының иегері Еркін Қыдырға Отырар ауданының «Құрметті азаматы» атағы беріліп, куәлігі мен төсбелгісін аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісов пен аудандық мәслихат хатшысы М.Манаповтар салтанатты жағдайда табыс етті.
Марапат иесі өз сөзінде: - Бұл марапаттың орыны мен үшін ерекше. Отыз бес жыл журналистикадағы еңбегімді ескергендеріңізге үлкен алғыс сезімімді білдіремін. Баршаңызға табыс тілеймін!,- деп ризалығын білдірді.
Журналистиканың барлық сатысынан өткен;
оның ішінде 27 жыл еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда» қызмет еткен;
бұл күндері мемлекетіміздің бас қаласы-Астананың үні, «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы қызметін атқаратын;
бірнеше кітаптың авторы;
қаламы жүйрік, ойы ұшқыр;
Еркін Сағындықұлы Қыдырға алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!

Back to Top