Қазақша Русский

ШАРУАЛАРҒА КЕҢЕС БЕРГЕН КЕЛЕЛІ ЖИЫН

Бүгін ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтар аудан шаруаларымен кездесті.
Аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, жүргізген алқалы жиында ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен шаруалар үшін мүмкіндіктері талқыланды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов арнайы баяндама жасап, ауданымыздағы ауыл шаруашылық саласында атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Мұнан соң облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов сөз алып, шаруаларға субсидия, тыңайтқыштар мен көктемгі дала жұмыстарына қажетті тұқым, жеңілдетілген бағадағы жанар-жағар май беру мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы шаруаларға кеңес берген келелі кездесуге келген облыс әкімінің бірінші орынбасарына алғысын айта келе, отырарлықтардың ағын су мәселесіне байланысты өтініш-тілектері ескерусіз қалмаса деген ойын жеткізді.

Back to Top