Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы өтіп, сессияның күн тәртібінде 2019-2021 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері қаралды. Алдымен күн тәртібіндегі мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында баяндалып, жан-жақты талқыланғандықтан депутаттар бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.
Сессияда аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш сөз алып, депутаттық корпусты Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі. Аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов 2018 жылды қорытындылаған сессия жұмысына көңілі толатынын айтып, ынтымақ пен бірліктің арқасында іске асып жатқан ауқымды істер келер жылы да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Сессия жұмысын аяқтаған соң аудан әкімінің орынбасары ҚР Тәуелсіздігі күніне орай еліміздің спорт және денешынықтыру саласында атқарған абыройлы еңбегі үшін Асан Әбсаттар Мұстафаұлына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының арнайы Алғыс хатын табыстады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района