Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


КЕМЕҢГЕР ЕЛБАСЫ - ЫРЫСЫ ЕЛІМНІҢ

Бүгін Республикамыздың түкпір-түкпірінде Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар өтуде. Еліміз үшін ерекше орны бар бұл күнді отырарлықтар да жан-жақты атап өтті. «Кемеңгер Елбасы - ырысы елімнің» атты мәдениет сарайындағы салтанатты жиын бүгінгі мазмұнды өткен барлық іс-шараларды қорытындылады.
Салтанатты жиын «Күн бейнесі» би композициясымен басталып, ашық деп жарияланған соң мемлекеттік Әнұран орындалды. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов отырарлықтарды мерекемен құттықтады.
-Елбасы мен Тәуелсіздік егіз ұғым десек болады. Елімізді күллі әлемге жақсы қырынан танытқан Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ересен. Әлемнің алпауыт елдерінің лидерлері де Елбасымыздың халықаралық саясаттағы қадамын, жер шарындағы бейбіт өмірге шақырған үндеулерін зор құрметпен қабылдайды. Осындай фактілердің өзі Нұрсұлтан Әбішұлының халықаралық деңгейдегі аса зор беделін білдіреді. Биыл жетінші мәрте аталып өтіп отырған Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!- деген аудан басшысы елеулі еңбегі үшін Елбасымыздың Жарлығымен марапатталған бір топ отырарлықтардың кеудесіне медальдар табысатады. Сондай-ақ, мереке қарсаңында әр сала бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосқан қызметкерлер аудан әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района