Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


ЕЛ ТІРЕГІНЕ ШЕКСІЗ ҚҰРМЕТ

Елін сүйген, елі сүйген Елбасыға деген халықтың шынайы құрметі ешқашан бәсеңсімек емес. Өзі бас болып Қазақстан мемлекетінде тәуелсіздік туын желбіретуге, тұтас халқының тыныш та бейбіт заманда өмір сүріп, тіршілік етуіне қыруар күш-жігерін жұмсап келе жатқан кемеңгер көшбасшымыздың әлемге мәшһүр болған абыройлы атын асқақтату мақсатында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнінің құрметіне орай Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатында «Елбасы – елдің тірегі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Халқының қалауымен 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен жалпыхалықтық сайлауда басым дауыспен еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланған Елбасының өнегелі өмір жолдары мен жеткен жетістіктері оқушылардың арнау өлеңдеріне арқау болып, ет жүректі елжіретер патриоттық әндер шырқалған мазмұнды іс-шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов жиынға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, желкілдеп өсіп келе жатқан жас буынға Мемлекет басшысының ғибратты істерін үлгі-өнеге ете отырып, әсерлі әңгіме өрбітті.
Мерекелік көтеріңкі көңіл-күймен айрықша салтанатты жағдайда аталып өткен іс-шараның соңы 4-сынып оқушыларының халқын жарқын күндерге бастап келе жатқан кемеңгер Елбасына деген шексіз құрметінің белгісі ретінде әуеге ақ көгершіндерді ұшырауларымен қорытыланды.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района