Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


"МЕН ПРЕЗИДЕНТІММЕН МАҚТАНАМЫН"

Бүгін ауданымыздағы Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен Президентіммен мақтанамын» тақырыбында мерекелік концерттік шарасы болып өтті.Еліміздің ынтымағы мен бірлігін берік сақтап, ел тізгінін ұстаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатын кеңінен насихаттау, жас буындарға патриоттық тәрбие беру, өскелеі ұрпақты отаншылдыққа,үлкенді құрмет тұтуға баулу мақсатындағы мерекелік шарада білім ордасының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің мазмұнын аша түсті.Мектеп фойэсіне тұлғаның кітаптары мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылып, Елбасымыздың жүріп өткен жолдарынынан сыр шертіп, өнегелі өмірі мен жемісті қызметіне арналған жинақтар да тамашаланды.
Көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлаған шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып,мерейлі мерекемен құттықтап,еліміздің ертенгі болашағы болып саналатын бүгінгі бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалады. Салтанатты шара барысында ел Тәуелсіздігіне арналған арнайы бейнетаспаны тамашалаған көпшілік Тұңғыш Президентіміздің өткен өмір жолдарына тағы да бір мәрте қаныға түсті.Шара соңында аудан басшысы балғын өнерпаздардың өнеріне ризашылыңын білдіріп,олармен естелікке суретке түсті.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района