Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН – ЕЛБАСЫ

Өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан-мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға лайықты. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін сеніммен айта аламыз.
Бүгін ауданымызда осы айтулы мерекеге орай «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты тақырыптағы дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысып, кемеңгер басшының ел тарихындағы сан қилы кезеңдерде оң шешім қабылдап, мемлекетімізді әлем елдерімен тең дәрежеде дамытуға өзіндік қосқан үлесі жайында сөз етті.
Қонақтар алдымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы мен аудандық орталық кітапхананың «Елбасы-Ұлт Көшбасшысы» атты көрмелерін тамашалады.
Шара барысында сөз алған аудан әкімі: «Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында тәуелсіз Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі, тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің арасында алдыңғы орынға шықты. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған салиқалы ішкі және сыртқы саясаты әлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар заманауи, қарқынды дамушы мемлекет құруды қамтамасыз етті. Еңбек құндылығы мен жасампаздықты бекіте түсуге бағытталған маңызды бағдарламалық құжат ретінде Президенттің «Қазақстан-2050» ел дамуының даңғыл жолын байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасын ұсынып, баршамызды «Мәңгілік Ел» болуға шақырған болатын. Сонымен қатар, кемел келешек жолында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын жариялап, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындауға жол ашты. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы киелі Отырардың тарихына тың серпін бермек. Келер жылы Отырар қорғанысына 800 жыл. Қойнауы тарихқа толы өңірімізде әлі сыры ашылмаған, беймәлім тарихи орындар жетерлік. Осы мақсатта алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан баршаңызды Ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлес қосып, алға қойған мақсаттарға бірлесе жұмыс жасауға шақырамын»,-деді.
Мұнан соң Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қазақ елі үшін жасаған ұлы істерінен сыр шертетін бейнебаян көрсетілді. Мәні мен тағылымы мол бейнебаяннан соң Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінің кіші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының магистрі Ерқожа Абдуахитов «Елбасы – елімнің тұғыры биік тірегі» атты тақырыптағы баяндамасында Мемлекет басшысының ел тарихындағы алар рөлі жайында ой қозғаса, аудандық Орталық кітапхана бөлімінің қызметкері Жәмила Серікқызы «Тәуелсіздік ел тілегі, Елбасы - ел тірегі» атты тақырыпта баяндама жасап, елінің қолдауына ие болған кемеңгер Елбасының өмір жолына тоқталды.
Сондай-ақ сөз барысында «Отырар әдебиеті және өнері» бірлестігінің төрағасы Сағындық Қыдыр мен тарихшы Бекжан Бейсенбай егемен еліміздің маңдайына біткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел бірлігі, ұлттар татулығы жолында сіңірген еңбектері жайында кеңінен

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района