Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


САЛАУАТТЫ ӨМІР КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Осыған орай ауданымызда өтіп жатқан мерекелік іс-шаралар «Қ.Мұңайтпасов» атындағы спорт кешенінде жалғасын тапты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан және эстафеталық ойындар жарысының ашылу салтанатында аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Қазақстандықтардың қалауымен Мемлекет басшысы болып сайланған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жауапкершілік жүгі өте ауыр қызметіне кіріскен алғашқы күндерден-ақ елімізді қай жағынан болса да әлемдегі ең алдыңғы қатарлы, жан-жақты дамыған мемлекеттердің қатарына қосу жолында қыруар жұмыстар атқарып келеді. Осындай зор қажыр-қайрат, күш-жігер жұмсап, тынбай игілікті тірліктер атқарудың нәтижесінде еліміз халықаралық беделді ұйым-Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Бұдан басқа да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз аз емес. Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміздегі бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айтып, алдымызға үлкен міндеттер жүктеді. Бүгінде ауданымызда осы бағытта түрлі іс-шаралар жоспары бекітіліп, ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына бірнеше ашық спорт алаңшалары, Ақтөбе мен Аққұмда жабық спорт кешендері, Маяқұм, Көксарай, Темір ауыл округтерінде ашық спорт алаңдары ашылды. Бұл өз кезегінде жастардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылдануларына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын-деді аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде.
Салауатты өмірге үндеген Елбасының саясатын насихаттау, мектеп жасындағы жастардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін өскелең жастарға ұғындыру мақсатында өткен шарада спортты жанына серік еткен жастар акробатикалық қойылымдар жасап, өз өнерлерін ортаға салды. Одан әрі спорттық сайыстар жалғасын тауып, балғын балалар мен тәрбиешілер өз командаларының намысын қорғады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района