Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


АДАМҒА БІЛІММЕН ҚАТАР, ТӘРБИЕ БЕРІЛУІ КЕРЕК...

Қазіргі қоғамда өмірді терең түсінетін, заман талабына сай дамыған азамат қалыптастыруда мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің мәні зор. Жас балғын ұрпаққа тәрбие беріп, оларды өмірге белсенді етіп шығаруда атқаратын жұмыстарды жүзеге асыру білікті тәрбиешінің қолында. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту - оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, шығармашыл педагог, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Осыған орай бүгін ауданымыздағы «Ақбол» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық кадрлардың кәсіби қызметінде технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинары өтті. Семинарға болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығын ескеріп аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып қатысып, құтықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде: «Құрметті семинарға қатысушылар, сіздерді бүгінгі айтулы мереке 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді және басқа да рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, өміріміздің сан саласын дамыту, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнін ерекшелігі сонда, ол - қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды. Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», – деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгел айту мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезіңнен бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Сондықтан бүгінгі семинардан осы бағытта мол тәжірибе алмасып, маңызы зор жетістіктерге қол жеткізеді деген сенімдемін»-деген аудан әкімі семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Шара барысында облыстық әдістемелік орталығының мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Қозыгарина Женис Сергеевна мен білім юеру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Мария Белгібаевалар сөз алып, Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде балабақшаның алатын орны ерекше екеніне тоқталып, ұрпақ тәрбиесі жайында өз ойларымен бөлісті.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района