Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


Отырарда коворкинг орталығы ашылды.

Бүгін Отырар өңірі үшін өте маңызды күн. Орталық балалар кітапханасының жанынан заман талабына сай «Коворкинг орталығы» ашылды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ашылып отырған бұл заманауи орталық оқырмандарға өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік береді. Біздің кітапханада жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет,принтерлер мен сканерлер. Бұл рухани азықтан алыстап бара жатқан өскелең ұрпақты кітап оқуға баулудың таптырмас жолы. «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ашылған бұл орталық тек кітапсүйер қауымға ғана емес, жалпы аудан тұрғындарына арналған. Осындай орталықтың дүниеге келуіне себепші болған «Нұр Отан» партиясына айтар алығысымыз шексіз».«Нұр Отан» партиясының бұл ерекше жобасын толықтай қолдаймыз. Орталықтың ашылу лентасын Аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов пен Нұр Отан партиясы Түркістан облысының филиалы төрағасының 1 ші орынбасары Нұрмахан Миятұлы Жолдасов қиып, құттықтау сөз сөйледі. Іс – шараға арнайы қатысқан халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекова сөз алып өзінің ізгі тілегін білдірді.
Кеш қонақтарына кітапханамыздың мерейі мен мақтаныштары, ауданымыздың абыройын асқақтатып жүрген облыстық байқаулардың жеңімпаздары, кітапхананың белсенді оқырмандары «Ақылды қала – Астана, Мәңгілік елге - бас қала» атты облыстық байқаудың бас жүлдегері Мұстафа Шоқай, 1 орын иегері Балнұр Сейітжаппар. «Кітап және Отбасы» облыстық байқаудың бас жүлде иегері Садыбаевтар отбасы. Облыстық «Әл-Фараби» оқулары байқауының 1 орын жеңімпазы Совет Аяулым өз өнер шеруін ұсынды.
Coworking орталығына келіп сіздер уақытты тиімді пайдаланып, кітап оқуға деген құштарлықты оята аласыздар. Келіңіздер коворкинг орталығымен танысыңыздар оқырмандар!

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района