Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Бұл Жолдау мәдениет адамы болғаннан кейін бізді де елең еткізгені ақиқат. Қоғам дамыған сайын, кемелденген сайын сұранысы күшейеді. Бүгінгі еліміздің мәдениетінен бастап, өнеркәсібіне дейін жаңа цифрлық технологияны меңгеруге ұмтылуда. Бұл біздің өмірімізді жеңілдетеді, ғұмырымызды ұзартады, санамызда қалыптасып қалған ескі сүрлеуден құтқарады.
Қоғамдағы етек алған келеңсіз кемшіліктер цифрлық техгнологиялар арқылы шынымен де жаңа дәуірге, жаңа сапаға, жаңа санаға ауысады. Осыған дейінгі "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында, "100 нақты қадам" бағдарламаларының қай-қайсысында да айтылып келген алғышарттар кешегі Жолдауда көрсетілген негізгі ойлар-Қазақстан қоғамы дамуының жаңаша жалғасы.
Президенттің осы Жолдаудағы нақты тапсырмалары мен нақты міндеттері еліміздің әлемдік кеңістіктегі ұлттық мемлекет ретінде тұрақталуына жол ашады деп ойлаймын. Республикадағы ұлттық білімнің еш мемекетке ұқсамайтын бет-бейнесін қалыптастыру, ұлттық әліпбидің дүниежүзіндегі альфабиттердің арасынан өз орнын алуды жеделдету жөніндегі талаптары еліміздің рухани болмысын анықтайтын, ұлттық мәдениетін бекітетін құжат деп бағалауымыз керек.
Бір сөзбен айтсақ, биылғы Жолдау өткен Жолдауларды мүлде қайталамайтын жаңа ойларға, тың идеяларға толы өзгеше Жолдау болды деп ойлаймын.
Есіркеп Қалманов,
Мәдениет саласының ардагері.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района