Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


ЖОЛДАУДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ҚЫЗУ ҚОЛДАЙДЫ

Елбасымыз өзінің жаңа «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында еліміздің ендігі бағыт-бағдары мен алдағы міндеттерін айқындап берді. Бұл Жолдаудың ең басты ерекшелігі халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғандығы Сол себепті де, оны елдің игілігіне қызмет ететін тарихи құжат деуге толық негіз бар. Ақиқатын айтқанда Жолдауда айтылған барлық басымдық миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың бәсекеге қабілеттіліктерін көтереді. Бұл өз кезегінде әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуды көздейтін біздер үшін басты мақсаттардың бірегейі.
Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қарқынды даму үстінде.
Соның ішінде елдің табысын өсіру, тұрмыс сапасын одан әрі жақсарту, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтардың сұранысына сай мемлекеттік аппарат құру, сыртқы саясаттың тиімділігін арттыру және әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістерге атсалысуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа міндеттер халықтың көкейінде жүрген көптеген сауалға берілген нақты жауап болды.
Үшінші жаңғырудың жалғасы іспетті бұл Жолдау әлеуметтік жаңғырудың лайықты жал¬ғасы. Ең төменгі жалақының 1,5 есеге, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өсуі де ерекше атап өтерлік жайт.
Ендігі жерде бүгінгі Жолдауда айтылған басым бағыттарды аудандық қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер кеңесі халыққа түсіндіру барысында белсенді жұмыс жасауымыз қажет. Жолдауды бір кісідей қолдайық, ағайындар!
Мырзахмет ТЕМІРБЕКОВ,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района