Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


ЖАСТАР ҚАШАН ДА ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ

Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауын отырарлық жастар да зор ықыласпен, ерекше қуанышпен тыңдады. Мемлекет басшысының: «Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» деген сөзі ауыл жастарын ерекше жігерлендіріп, қанаттандырды. Ауыл жастарының болашаққа деген сенімін нығайтып, айрықша рухтандырған бұл Жолдауда Елбасымыз Үкімет алдына мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту міндетін қойғанын үлкен ризашылықпен қабылдадық. Халқымыздың өршіл рухы, ұлттық ұстыны, асқақ айбары өскелең ұрпақ бойына бүлдіршін кезінен сіңсе, олар болашақта жаңа биіктерге қанаттанып, ұлы мұрат-мақсаттарға құлаш сілтейтіні ақиқат.
Елбасы жастар мәселесін ешқашан бөлек қалдырған емес. Елдің келешегі, тәуелсіздік тұтқасын ары қарай ұстайтын, Елбасының ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын да жастар екені даусыз.
Біз қазіргі таңда Елбасының алға қойып отырған мәселелерінің барлығын зерделеп, зерттеп, бірқатарын іске асыруды алдын бастап кеткенімізді айтқым келеді. Бүгінгі жолдау жасап жатқан жұмысымызға, қазіргі іске асырып жатқан жобаларымызға жаңа тағы да бір серпін беретініне көзіміз жетіп отыр. Елбасының жолдауы – жастар үшін қашан адастырмас бағдаршам іспеттес. Өйткені, Елбасы әрбір Жолдауында нақты бағыт-бағдарларды бекітіп, нақты межелерді бекітіп береді. Біздер аудан жастары Ұлт көшбасшысынының Жолдауда айтылған әрбір тапсырмасын толықтай жүзеге асыруға және жан-жақты насихаттауға бар күш-жігерімізді, білімімізді, біліктілігімізді саламыз. Елбасының алға қойған ұлы мақсаттарының орындалуына өз үлесімізді қосамыз.
Әділ Жұмаділлаев,
аудан әкімі жанындағы жастармен байланыстар жөніндегі кеңес мүшесі.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района