Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


МҰҒАЛІМІ БЕДЕЛДІ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жасаған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының арттыру" атты Жолдауы Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында жариялады. Жолдауда ұстаздар қауымы көптен күткен «Педагогтардың мәртебесі» туралы заң келер жылы қабылданатынынан атап өтті. Бұл мұғалімдерді ғана емес, білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бейжай қарай алмайтындарды бір серпілтіп тастады. Келер жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы заң қабылданады. Ол заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыруы керек.
Мені өзімнің әріптестерім қолдайды деп ойлаймын.Бүгінде мұғалімдердің жүктемесі өте ауыр. Таусылмайтын тексерістер мен тапсырмалар мұғалімдердің функционалдық міндеттеріне кірмейді. Президент ел алдында осы туралы мәлімдеп, ұстаздарды қолдады. Бұл адамгершілік әрі рухани тұрғыда өте үлкен қолдау болды.
Жолдауда білім беру саласын дамытуға байланысты көп дүние айтылды. Жүзеге асса құба-құп дейтін бастамалар да баршылық. Ал біз көптен күткен мұғалім мәртебесіне қатысты заң жобасы бүгінгі қоғамның талабы.
Мағжан ақын айтқандай, Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі болатын күн де алыс емес деген ойдамыз. Ол үшін келер жылы қабылдануы жоспарланған заң жобасының мұғалім құқын толыққанды қорғайтындай болып жасалуына қоғам болып атсалысуымыз керек деп ойлаймын.
Бұл күнде әр ұстаз іштей Президентке алғыс айтып жатқаны ақиқат. Педагогтар қауымы Елбасының тірегі болған, болып қала береді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района