Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтахановтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысында «Отырар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №22/106-VI «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» және Отырар ауданын басқару схемасы туралы мәселелер қаралды.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссияның отырысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Бейсенова мен аудан әкімі аппаратының басшысы Айдос Мәулен баяндап, жан-жақты талқыланды. Мұнан соң депутаттар сессияның күн тәртібінде көтерілген мәселелерді бірауыздан қолдап, шешім қабылдады.
Сессияда сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов депутаттық корпусқа ризашылығын жеткізіп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істейтініне сенім білдірді. Сондай-ақ, аудан басшысы жастардың бойына патриотттық тәрбие сіңірудегі еңбегі үшін депутат Төре Ақжігітұлына «Боевое братство» қоғамдық бірлестігінің төсбелгісін табыстады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района