Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


БІРІНШІ БАЙЛЫҚ - ДЕНСАУЛЫҚ

Бүгін ауданымызда «Денсаулық сандарына жет» ұранымен «Денсаулық-2018» фестивалі өтті.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шараға 500–ге жуық қатысушылар салт атпен, жаяу және велосипедпен Жібек жолы даңғылының бойымен жүріп өтіп, орталық алаңға келді.
Орталық алаңда еліміздің әнұраны орындалып, аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйледі. Құттықтау сөзінде «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясының ең маңызды басымдылықтарының бірі –денсаулық, ел халқының көпшілігінде салауатты өмір салты –ұлт денсаулығының кілтіне балаған болатын. Қазақстан әлемде өмір сүруге қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Біздің болашақ «Мәңгілік Елге» барар нұрлы жолымызда қазақстандықтардың әлеуетін көтеретін жаңа мүмкіндіктер жасауда» деп, шараның маңыздылығын атап өтіп, салауатты өмір салтын берік ұстануға шақырды.
Айтулы шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген «Заречное» мекемесі №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне автобус тарту етті. Автокөліктің кілтін аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы мен «Заречное» АҚ бірлескен кәсіпорын басқарма басшысы Омар Нұрәлиевтер спорт мектебінің директоры Мейрамбек Қашқыновқа табыстады.
Фестиваль барысында орталық аурухана қызметкерлері, аудандық жасөспірімдер орталығының өнерпаздары және балабақша бүлдіршіндері арнайы ұйымдастырған түрлі форматтағы флешмобтар акция ажарын аша түсті. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен колледж студенттері спорттың бірнеше түрінен көрсеткен көріністері көпшілікті қызықтыра түссе, мекеме қызметкерлері арасында өткен арқан тарту бәсекесі тартысты өтті.
Халық денсаулығын нығайтуды мақсат тұтқан шара ән мен жырға ұласып, тұрғындар «Денсаулық қалашығынан» білікті дәрігерлердің кеңесіне жүгінді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района