Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


СЫҢҒЫРЛА КҮМІС ҚОҢЫРАУ

Жайдары жаз мезгілі межесіне жетіп, cағыныштың белгісіндей болған сары күз айы да келіп жетті. Күзбен бірге басталған кезекті оқу жылында бала біткен мектепке қарай асығып, алтын ұя мектебімен сағына қауышатыны белгілі.
Бүгін 1 қыркүйек – білім күні мерекесі республикамыздың барлық өңірлерінде аталып өтілуде. Айтулы мереке ауданымызда да өзіндік сән-салтанатымен аталып өтіп, жаңа оқу жылының құрметіне орай аудандағы барлық білім ошақтарында салтанатты жиын өткізілді.
Аудан әкімі Ерлан Айтаханов оқушыларды қастерлі мерекемен құттықтау үшін аудан орталығындағы Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатына барып, «Сыңғырла күміс қоңырау» атты іс-шарасына қатысты.
«Алғашқы қоңырау» мерекесінің ашылу салтанатында мектеп директоры Әділхан Әріпбеков сөз алып, білім ордасының жетістігіне тоқталды.
Өткен оқу жылында Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатынан 47 түлек түлеп шығып, одан ҰБТ-ға қатысқан 40 оқушының орта балы 98,3 балды құрап, мектеп абыройын асқақтатқан болатын. Бұл көрсеткіш аудан рейтингісін көтеріп, Отырар ауданы облыс көлемінде ең жоғарғы нәтижені көрсетті. Аудан бойынша 325 оқушы мемлекеттік грант иегері атанып, бұл ҰБТ-ге қатысқан оқушының 63 % пайызын құраса, Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатының 29 түлегі мемлекеттік грант иегері атанып, яғни 73 пайызбен аудан рейтингісінде көш бастап тұр. Сонымен қатар, 2017-2018 оқу жылында мектептің 1 сыныбына 44 оқушы қабылданса, биылғы оқу жылында бұл көрсеткіш 49 балаға артып, 93 оқушы мектеп табалдырығын аттап отыр. Бұл мектеп ұжымының қажырлы еңбегі мен білікті ұстаздардың жеткен жетістіктерінің жеңісі.
Мерекелік шарада сөз алған аудан басшысы барша мұғалімдер мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, жастардың сапалы білім алып, белгілі азамат болулары үшін барынша жағдай жасап отыр. Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді білдіремін. 2018-2019 оқу жылында 1 - қыркүйек «Білім күні» облыс бойынша барлық білім беру ұйымдарында «Қазақстаным - жүрегім, Түркістаным – тірегім!» тақырыбында білім сабағын өткізілуде. «Қазақстаным - жүрегім, Түркістаным – тірегім!» тақырыбы бойынша білім сабағының тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі және Түркістандық жаңа дамудың басымдықтарын насихаттаудың идеясы болып табылады.
Өткен оқу жылында ауданның бітіруші түлектерінің 71 пайызы немесе 514 оқушы ҰБТ-ке қатысса, тест қорытындысы бойынша жалпы орта балл 90,4 балды құрап облыс көлемінде алғашқы орынға шықтық. Бұл ұстаздардың талмай еткен еңбектерінің жемісі деп білемін. Ұстаз - келер күннің ұстасы. Ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні – мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ. Ендеше баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!,-деді аудан басшысы.
Шара барысында ардагер ұстаз Абдулла Ордабаев пен аудандық мәслихат депутаты Аралбай Асан мерекеге қатысушыларды Білім күнімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мұнан соң «күміс қоңырау» қойылымы көрсетіліп, мектептің өнерлі өрендері «мектебім», «алғашқы қоңырау», «туған жер» әндерін орындады. Білім күнінде 11-сынып оқушысы Айдана Тұран мен 1-сыныпқа қабылданған Елжан Баяхметов алғашқы қоңырауды соғып, білім ұясындағы алғашқы қоңырау үні оқушылардың көңіліне қуаныш ұялатты.
Мерекелік шардан соң аудан әкімі Ерлан Айтаханов мектептің 1-сынып және 11-сынып оқушыларының сабағына кіріп, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района