Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


МЕДИАЦИЯ ҚОҒАМДАҒЫ БІРЛІКТІҢ КЕПІЛІ

Еліміздің өз тәуелсіздігін жариялағанына жиырма жеті жыл болса, осы жылдар ішінде ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қолы жеткен мемлекетіміздің күнделікті өміріне қажетті көптеген заңдар жаңадан қабылданды. Солардың бірі - медиация туралы заң десек, осы заңның талаптарына сәйкес елімізде медиация қызметі кеңінен өріс жайып, өз жұмысын жүргізіп келеді.
Медиация қызметі қалыптасқалы бері жер дауы мен жесір дауынан көз ашпаған халқымыз үшін жат емес. Көне тарихқа көз жіберіп қарасақ, дана халқымыздың жалпақ тілімен айтқанда бітімгер, екі жақты татуластырушы тұлға деген мағынаны беретін медиатор қызметін мінсіз атқарған небір аузы дуалы Төле би, Қазыбек пен Әйтеке билер жөнінде білуіміз де, білмеуіміз де әбден мүмкін еді. Ия, бұл азаматтар өздері өмір сүрген дәуірде небір күрмеуі қиын күрделі мәселелерді бойларына біткен сезімталдық, парасаттылық, көрегенділік қасиеттерімен әділ шешіп, халқының саналарында сақталып қалғандары еш дау тудырмайды.
Қазір өмірімізге дендеп енген медиация қызметіне кез-келгеніміз жүгінуіміз әбден мүмкін. Әділін айтуымыз керек, заң тұрғысынан келгенде медиация деген терминнің өзін әлі күнге дейін өз дәрежесінде толық түсінбейтіндігіміз жасырын емес. Сондықтан осы мәселені жер-жерде жетеге жеткізе отырып түсіндіргеннің еш артықтығы жоқ. Осындай мақсатта ауданымызда өткен «Медиация-қоғамдағы тұрақтылық пен ұлттық бірліктің кепілі» атты ашық есік күні осындай мазмұнды жиындардың қатарына қосқанымыз жөн. Көпшілік қауым үшін берер пайдасы мол мұндай жиынды аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық соттың судьясы Нұрғали Құламқадырұлы мен «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі, бұған дейін ішкі істер саласында жемісті қызмет атқарған жерлесіміз, кәсіби медиатор Ержан Арысбаевтар медиацияның ерекшеліктері мен халыққа беретін пайдалы жақтары жөнінде кеңінен әңгіме қозғап, жиналған жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарды.
Ашық есік күні жиынында қалың елге зерделі де, зейінді пайымдарымен парасатты әңгімелер қозғап, жұртшылықты игілікті істерге жұмылдырып жүрген беделді Кеңес Жұмашов, Бақыт Әбусейітов және Бақытжан Сапарбай сияқты азаматтар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, халқымыз үшін ешқандай да құпия сырлары жоқ медиация қызметін толық қолдап, қолдарынан келгенше жәрдемдерін беруден қашпайтындықтарын жеткізді.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района