Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


АЛТЫН КӨПІРГЕ АЙНАЛАДЫ...

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов «Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» және Тәжік – Ауған шекарасында жауынгерлік қақтығыстарға қатысушы ардагерлер одақтарының төрағасы Мәди Ташовты қабылдады.
Төрағаның келу мақсаты жаны жайсаң, қолдары ашық, тарыққан жандарға көмек қолын созуға даяр аудандық мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлеріне алғыс айту. Таяуда ару Алматыға сапарлап шыққан өмірдің ащы дәмін жастай сезінген жетім балаларға отырарлық азаматтар әр түрлі дәмді тағамдар мен қаржылай көмек көрсеткен болатын.
Осы бір имандылық пен ізгілікке толы қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табады. Жалғасын тауып қана қоймай Еліміздің Оңтүстігі мен Батысы арасын жалғайтын «алтын көпірге» айналары сөзсіз.
Кездесу соңында Мәди Қалашұлы аудан әкіміне өзі басқаратын одақтың Алғыс хаты мен төсбелгісін тапсырып, елі үшін қызмет ете беруге тілектестігін білдірді.
Өз кезегінде аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы маңғыстаулық балаларды киелі Арыстанбаб пен тарихқа тұнып тұрған Отырар төбеге саяхаттап келуге шақырды.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района