Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


ШЫНЫҚСАҢ - ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ!

Бүгін ауданымызға ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті бас хатшысының орынбасары Елдос Рамазанов пен комитет жанындағы Спорт дирекциясының директоры, ҚР еңбек сіңірген бапкері, қоғам қайраткері Елсияр Қанағатов арнайы келді.
Ауданымыздағы спорттық кешендерді аралаған мәртебелі меймандар спорт мектептерінің де бүгінгі жай-күйімен танысты. Алдымен Ақтөбе ауылындағы Әуесбек Қамбаров атындағы спорт кешенін көрген Елсияр Баймұхамедұлы ауыл азаматтарының игі істеріне, Байқадам Омаровтың жетекшілігімен ауыл жастарының республикалық, халықаралық жарыстарда жеткен жетістіктеріне ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.
Мұнан соң, аудан орталығындағы «Оқсыз» спорт кешенімен танысып, бағдарлы болашақ үшін атқарылған жұмыстарға көз жүгірткен спорт жанашыры осынау кешенде Олимп шыңын бағындырар балғындардың шығатындығына да сенім білдірді. Сондай-ақ, меймандар аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған балғын спортшыларды даярлау, ауданға білікті мамандарды тарту, бұқаралық спортты дамыту, өскелең ұрпақ арасынан чемпиондар дайындау ісіне оң бағасын берді.
Ауданымызға жасаған жұмыс сапарының соңында құрметті қонақтар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейін, аспан асты мүзейіне айналған «Отырартөбе» қалашығын аралап, Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасады.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района