Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ - БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ

Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Сондықтан қазіргі таңда баламалы энергия көздерін алу әлемнің дамыған мемлекеттерінде үлкен маңызға ие болып, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүзеге асып жатыр. Мысалы, Германия, Аустрия, Чехия, Қытай, Америка сынды дамыған мемлекеттер балама энергия алудың тиімді жақтарын терең меңгерген.
Соңғы жылдары елімізде де энергия көздеріне энергетикалық кешенді дамытудың бір тармағы ретінде қарап, мемлекет пен бірқатар бизнес құрылымдар тарапынан оны қолданысқа енгізуге зор күш салынып жатыр. Соның айқын дәлелі ауданымызда жүзеге асқалы жатқан «Dala Solar» ЖШС-ның күн сәулесінен электр энергиясын өндіру жобасы. Жоба құны 150,0 млн.доллар теңгені құрайды. Қуаттылығы 100,0 мВт/сағ. жоба іске қосылған кезде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Бұл туралы бүгін «Dala Solar» ЖШС-ның директоры Ермек Кариев отырарлықтармен кездесу барысында сөз етті. Кездесу жиынын аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ержан Оралбай ашып, жүргізіп отырды. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Әбдіғали Жүнісов өркениетті елдердің осы тәжірибесін елімізде де қолданып, оның тиімділігін аудан өнеркәсібін дамытуға пайдалана алсақ мұның өзі үлкен жетістік екенін айтып, инвесторлардың жұмысына сәттілік тіледі.
«Үкімет жасыл энергияны дамытуды көздеп отыр. Біз де өзімізге осы тәжірибені сіңіріп, елімізде баламалы электр энергиясын алуды мақсат еттік. Қазіргі таңда біз қолға алып отырған үлкен инвестициялық жоба жүзеге асқан жағдайда халық арзан әрі қолайлы электр энергиясынқол жеткізе алады», - дейді «Dala Solar» ЖШС-ның директоры.
Кездесуде отырарлық шаруалар мен кәсіпкерлер баламалы электр энергиясының қуаттылығы мен тиімділігі жайында сауалдарын қойып, мамандар тарпынан тұщымды жауаптар алды.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района