Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


Қоғамдық тыңдау өтеді

2018 жылдың 30 шілдесінде сағат 11:00 де Отырар аудан әкімдігінің акт залында «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы көлемі 20,15 га орман қоры жерін «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2037 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін (шекара заставалары құрылысы мен ату, оқу-жаттығу және тікұшақ қону алаңы үшін) басқа санаттағы жерлерге ауыстыру жөнінде қоғамдық тыңдаулар өтілетіндігін хабарлаймыз.

Қоғамдық тыңдалымға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар, жоспарланған қызмет түрлері енгізілген. Қоғам өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға болатын орын: Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, М. Әуезов көшесі №2 үй аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесі.

Материалдардың электрондық нұсқада орналасқан интернет қорының мекенжайы: Otrar.gov.kz (Отырар ауданы әкімінің реми сайты). Жұртшылық өкілдері тыңдаулар өткізілгенге дейін өздерінің ой-пікірлерін, ұсыныстарын Отырар ауданы әкімдігінің Otrar_akimat@mail.ru электронды поштасы арқылы білдіре алады.

Қоғамдық тыңдаулар өткізілетін орынның мекен жайы: Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №25 үй.

© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района