Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Ресми Интернет-ресурс

Отырар ауданының әкімдігі


Хабарландыру

«Кәсіпкерлік мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының 2 қабаты кіші мәжіліс залында 2018 жылдың 20 тамызда сағат 11-00 де Шәуілдір ауылы, М.Әуезов көшесі, №3 үй мекен жайында сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша жер учаскелерінің меншік құқығын сату аукционын өткізеді.

Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары.

Ұйымдастырушы объектінің бастапқы бағасын және бағаны көбейту қадамын жариялайды. Аукционға қатысушылар жарияланған қадам бойынша бағаны көтереді. Объект бойынша сауда-саттық объектінің ең жоғары ұсынылған бағасына дейін жүргізіледі. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептелінеді.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, игеру шартын жасау, объектіні жобалау үшін сәулеттік жайғастыру тапсырмасын алу, сервитуттар беру, жер төлемін уақтылы енгізу.

Ауыртпалықтар (шектеулер): инженерлік коммуникациялардың қорғау аймағын сақтау және оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру.

Қосымша шарттар: құжаттардың бастапқы пакетін рәсімдеу бойынша шығын сомасы сатып алушымен өтеуге жатады.

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 пайыз мөлшерінде аванстық төлем түрінде бес банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі:

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 24 сағат бұрын аяқталады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін: аукционға қатысуға өтініш, тұлғасын куәландыратын құжат, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі, өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет. Заңды тұлғалар қосымша нотариалды расталған Жарғының және заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін ұсынады.Төлемнің бастапқы бағасының нысаны мен шарттары:

Қатысушылар кепілдік жарнаның кез-келген санын енгізу құқықты, бірақ бір кепілдік жарна бір жер учаскесін сатып алуға құқық береді.

Аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап бес банктік күннен кешіктірмейтін мерзімде аукцион барысында белгіленген бағаның 50% мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиісті аванстық төлем есебіне алынады;

Кепілдік жарна «Отырар ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН: 130840013809, ИИК KZ83070103KSN5805000, БИК ККМFKZ2A КБЕ 12, КОД 4983501 Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінің есеп шоты.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекен-жайда: «Кәсіпкерлік мектебі Отырар ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Шәуілдір ауылы, М.Әуезов көшесі №3 үй, Кәсіпкерлік мектебі ғимаратының 1 қабатындағы №103 кабинеті.

Анықтамалар үшін телефондар: 8/72544/ 21-9-77

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №290 бұйрығы, Отырар ауданы аумағынан сауда-саттыққа (аукционға) түсетін жер учаскелерінің

ТІЗІМІ

Орналасқан жері Нысаналы мақсаты Көлемі, ш.м Құқық түрі Аукционды өткізу тәсілі Жер телімінің бастапқы (төменгі) бағасы теңге Кепілдік жарна 50 АЕК
1 Отырар ауданы, Қоғам елді мекені, Ұ.Арғынбеков даңғылы Аралас заттар дүкенін жобалау және құрылысын салу үшін 500 жекеменшік ағылшын 61 500 120 250
2 Отырар ауданы, Қоғам ауыл округі, Мыңшұқыр елді мекені Сауда орталығын жобалау және құрылысын салу үшін 2000 жекеменшік ағылшын 246 000 120 250
3 Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені,Ұ.Арғынбеков даңғылы Мейрамхана,сауда орталығын жобалау және құрылысын салу үшін 5000 жекеменшік ағылшын 1 015 000 120 250
4 Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені. Н.Төреқұлов көшесі Фитнес орталығын жобалау және құрылысын салу үшін 500 жекеменшік ағылшын 101 500 120 250
5 Отырар ауданы, Шәуілдір елді мекені,Жібек жолы даңғылы Фитнес орталығын салу үшін 750 жекеменшік ағылшын 152 250 120 250
6 Отырар ауданы, Маяқұм елді мекені, Маяқұм-Балтакөл тас жолы бойы Жанар-жағармай бекетін салу және көріктендіру, көгалдандыру үшін 30000 жекеменшік ағылшын 3 300 000 165 000
7 Отырар ауданы, Талапты ауыл округі, Ынталы елді мекені,Ұ.Арғынбеков даңғылы Аралас заттар дүкенін жобалау және құрылысын салу 1000 жекеменшік ағылшын 123 000 120 250
8 Отырар ауданы,Шәуілдір елді-мекені Аралас заттар дүкенін жобалау және құрылысын салу үшін 800 жекеменшік ағылшын 162 400 120 250
9 Отырар ауданы,Шәуілдір елді мекені Аралас заттар дүкенін жобалау және құрылысын салу үшін 400 жекеменшік ағылшын 81 200 120 250
10 Отырар ауданы, Маяқұм елді мекені Монша жайын жобалау және құрылысын салу үшін 9000 жекеменшік ағылшын 990 000 120 250
11 Отырар ауданы,Шәуілдір елді мекені Дүкен және жарнама агенттігін жобалау және құрылысын салу үшін 400 жекеменшік ағылшын 81 200 120 250
12 Отырар ауданы,Көксарай елді мекені Жанар жағармай бекетін жобалау және құрылысын салу үшін 3000 жекеменшік ағылшын 369 000 120 250
13 Отырар ауданы,М.Шойманов ауылы Машина-трактор жөндеу шеберханасын жобалау және құрылысын салу үшін 10000 жекеменшік ағылшын 1 230 000 120 250
14 Отырар ауданы,Мыңшұқыр елді-мекені Демалыс орны,кафе және аралас заттар дүкенін жобалау және құрылысын салу үшін 3100 жекеменшік ағылшын 381 300 120 250
15 Отырар ауданы, Қоғам ауыл округі, Мыңшұқыр елді-мекені Сауда орталығын жобалау және құрылысын салу үшін 2000 жекеменшік ағылшын 357 000 120 250
16 Отырар ауданы, Қоғам ауыл окуругіндегі арнайы жер қоры Қонақ үйін жобалау және құрылысын салу үшін 200 жекеменшік ағылшын 35 700 120 250
17 Отырар ауданы, Талапты ауыл округіндегі арнайы жер қоры Мал бордақылау алаңы және сүт сауу цехын жобалау және құрылысын салу үшін 4700 жекеменшік ағылшын 838 950 120 250
18 Отырар ауданы,Қоғам ауыл округіндегі арнайы жер қоры Сауда орталығы алаңын жобалау және құрылысын салу үшін 3648 жекеменшік ағылшын 651 168 120 250
19 Отырар ауданы,Қоғам ауыл округіндегі арнайы жер қоры Жабық спорт алаңын жобалау және құрылысын салу үшін 17325 жекеменшік ағылшын 3 092 513 154 625
20 Отырар ауданы,Қоғам округіне қарасты арнайы жер қоры Этно орталық құрылысын салу үшін 7320 жекеменшік ағылшын 1 306 620 120 250
21 Отырар ауданы,Қоғам округіне қарасты арнайы жер қоры Қонақ үй құрылысын салу және жобалау үшін 5875 жекеменшік ағылшын 1 048 688 120 250
22 Отырар ауданы,Отырар ауыл окугіне қарасты арнайы жер қоры Машина-трактор жөндеу шеберханасы мен ылғалданған қиыршық тас (құм) сақтайтын орынды жобалау және құрылысын салу үшін 10000 жекеменшік ағылшын 1 785 000 120 250
23 Отырар ауданы, Шілік округіне қарасты арнайы жер қоры Жанар-жағар май құю, көлік жуу бекеті мен намазхана құрылысын жобалау және салу үшін 14600 жекеменшік ағылшын 1 861 500 120 250  
24 Отырар ауданы,Отырар ауыл округіне қарасты арнайы жер қоры Мал бордақылау алаңын жобалау және құрылысын салу үшін 10000 жекеменшік ағылшын 1 785 000 120 250
25 Отырар ауданы,Шәуілдір елді мекені Аралас заттар дүкенін жобалау және құрылысын салу үшін 1000 жекеменшік ағылшын 203 000 120 250
26 Отырар ауданы, Қарғалы ауыл округіне қарасты арнайы жер қоры Минералды-құрылыс материалдарын (құм-қиыршық тас, шағыл) ашық қоймалар және оны қайта тиеу орнын жобалау және құрылысын салу үшін 10000 жекеменшік ағылшын 1 785 000 120 250

 
© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Отырарского района